98жастағықытайлыққартәйелкоронавирустыжеңіпшықты
Уханьдағы ауруханада коронавирустың Covid-19 жаңа түрін жұқтырған 98 жастағы қытайлық қарт әйел вирусты жеңіп шықты
Бұл туралы "IRNA" ақпарат агенттігі хабарлайды. Қытайда коронавирусты жұқтырғандар арасындағы Ху есімді ең қарт науқас Ухань қаласының тұрғыны. Ол ақпан айының басында 55 жастағы қызымен дене қызуының көтерілуі салдарынан дәрігерлер көмегіне жүгінген және нәтижесінде екеуіне де коронавирустың Covid-19 жаңа түріне шалдыққаны анықталып, ақпан айының 13-і күні Ухань ауруханасына жатқызылған.
Жексенбі күні, Ху ханым мен оның қызы коронавирустан толық қанды емделіп, ауруханадан шығарылды.