Өскемен
ясно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +20°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +23°
$
443.85
-0.47
474.3
+0.97
¥
61.25
-0.06
4.8
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

ҰОС ардагерлеріне бірыңғай төлем белгіленуі мүмкін

Бұндай тапсырманы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай өткізілген жиында премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев берді

Үкімет үйінде премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын Қазақстан Республикасында атап өту және оған дайындықты ұйымдастыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп жазады primeminister.kz сайты.

Бердібек Сапарбаев әрбір облыста Жеңістің мерейтойлық жылын атап өтуге дайындық жөніндегі өңірлік комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру қажеттігін айтты.

Сонымен қатар вице-премьер Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне әкімдіктермен және "ҚР Ардагерлер ұйымы" РҚБ орталық кеңесімен бірге Жеңістің 75 жылдығына орай ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне бірдей бір реттік төлем сомасын белгілеу мәселесін пысықтауды тапсырды.

- ҰОС ардагерлерін, тыл еңбеккерлерін, тарихи миссияны орындап, фашизмді жеңуге үлес қосқан қазақстандықтарды ардақтау – жалпымемлекеттік ауқымдағы шара. Біз күш-жігерімізді оларды жан-жақты қодлдауға бағыттауымыз қажет. Ешбір ардагер назардан тыс, қамқорлықсыз қалмауы тиіс, – деді Бердібек Сапарбаев.

Кеңесті қорытындылаған вице-премьер Жеңістің мерейтойлық жылын атап өту бойынша барлық шаралар еліміздегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге, қоғамның ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы мен Мемлекет басшысының саясатына бағытталуына, жас ұрпақтың бойында ұлтжандылық сезімді нығайтуға бағытталуы тиіс екенін жеткізді. 

ВАК отырысына сонымен қатар Қорғаныс, Ішкі істер, Қаржы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің, "ҚР Ардагерлер ұйымы" РҚБ орталық кеңесінің және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ облыс әкімдерінің, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдерінің орынбасарлары қатысты. 

Следующая →