Өскемен
малооблачно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +13°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +13°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +15°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +16°
$
448.81
+0.25
476.82
-1.21
¥
62
+0.03
4.77
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Қырғыз-тәжік шекарасында атыс болды

Қырғызстан мемлекеттік шекара қызметі хабарлағандай, атыс кезінде 13 адам жараланған

16 қыркүйек қырғыз-тәжік мемлекеттік шекара учаскесіндегі атыс барысында 13 адам жараланған. Жеті әскери қызметкер және алты қырғыз азаматы түрлі дәрежедегі дене жарақатын алды. Жараланғандар Исфана қаласының ауруханасына жеткізілген.

Баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, жарақат алған екі адамның жағдайы ауыр. Қалған 11 адам Қырғызстан Қарулы күштері бас штабының ұшағымен Бішкек медициналық мекемесіне жеткізілген.

Атыстан қырғыз елінің бір әскери қызметкері қаза болған.

Бүгін Қырғызстан мен Тәжікстан шекара қызметі жергілікті билік органдары өкілдерімен кездесу өтеді.

Баткен облысына Қырғызстан премьер-министрі Мұхаммед Әбілғазиев келді.

- Тәжік тарапы бірінші болып қырғыз шекара бекетін, содан кейін Баткен облысының Лейлек ауданындағы Сай уақытша шекара бекетін атқан. Алдын ала мәліметтер бойынша, Қырғызстан МӨҚҚ бір әскери қызметшісі қаза тапты, - деп хабарлайды Шекара қызметі.

Сондай-ақ, қырғыз шекарашылары да тәжік аумағына қарата оқ атқан.

Сонымен қатар, Тәжікстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара әскерлерінің баспасөз орталығы қырғыз шекарашылары тәжік республиканың бірнеше қарусыз азаматтарын жаралағандығын хабарлады.



Следующая →