Байқоңырда полицейге шабуыл болды
Байқоңыр қалалық прокуратурасы Ресейдің ІІМ қызметкеріне шабуыл жасаған 29 жастағы қазақстандыққа қатысты қылмыстық іс Қазақстанға жіберілді.
Байқоңыр прокуратурасының сайтында жұмада жарияланған хабарға сәйкес, оқиға 30 шілдеде болған. 29 жастағы жергілікті ер адам мас күйінде Төретам ауылынан Байқоңыр қаласына дейінгі №3 бақылау-өткізу пунктінен қағазсыз өтпек болған, бірақ полиция оны ұстаған.
Ұстау кезінде ер адам тәртіп сақшыларының бірін «басына соқғып, сондай-ақ денеге бірнеше соққы жасаған» делінген хабарламада.
Байқоңыр кешеніндегі Ресей Федерациясының Тергеу комитеті Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің «Үкімет өкіліне өзінің қызметтік міндеттерін орындауына байланысты күш қолдану» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Бұл қылмыстық іс бойынша сотталушы Қазақстан азаматы болғандықтан, оған қатысты қылмыстық іс әрі қарай қылмыстық қудалау үшін Қазақстанның құқық қорғау органдарына берілді, делінген хабарламада.
Следующая →