Өскеменде ер адам зоодүкенді тонап кеткен
31 жастағы азамат облыс орталығындағы базар ішіндегі зоодүкеннен үш тоқтықұсты ұрлап кеткен
Зоодүкеннен тотықұстардан басқа ештеңе жоғалмаған. Ер адам нақты сол құстар үшін ғана барса керек. Кассадағы ақшаға да тимеген.
Ақыры ұры қолға түсті. Ол 31 жастағы қала тұрғыны болып шықты.
- Ұрлыққа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Ол енді үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп мәлімдеді ШҚО Полиция департаменті.