Нұр-Сұлтанда мас ер адам студентті зорламақ болған
17 жастағы бойжеткен інісін алып кету үшін мектепке бара жатқан. Сол кезде мас ер адам оған тап берген
Қаскөй бойжеткеннің бетінен ұрып, тоғайлар арасына сүйрей бастаған, деп жазады NUR.KZ сайты. Қыз айқайлап, көмек шақырып, ақыры ер адамның қолынан сытылып шыққан.
Күдікті 42 жастағы қала тұрғыны. Тәртіп сақшылары оны ізін суытпай қолға түсірді.
Қазіргі уақытта жасөспірімді зорламақ болған күдіктіге қатысты тергеу жүріп жатыр. Қажетті сараптамалық үрдіс тағайындалды.