Арктикада температура рекордқа жетті
Солтүстік полюстің ауданында температураны бақылау тарихында алғаш рет 35 цельсий градусқа жуық рекорд тіркелді
Швед метеорологиялық станциясы Арктиканың температурасын бақылау тарихында алғаш рет ең жоғары температураны тіркеді, деп хабарлайды Корреспондент.net. сайты. Ол Цельсий бойынша 34,8 градусты құрады.
Бұл туралы АҚШ-тың мұхит және атмосфералық зерттеулер ұлттық басқармасында (NOAA) хабарлады.
Бұл көрсеткіш Поляр шеңберінің оңтүстік шетінде орналасқан Швед форпосты Маркусинвинспен 26 шілдеде тіркелді.
Сонымен қатар, NOAA-да температуралық рекорд Аляскада орнатылғандығын, бұл орман өрті мен жануарлардың жаппай өлуіне әкеп соққандығын пайымдайды. Сондай-ақ Алясканың суларында жылынуға байланысты мұз әдеттегіден 6-8 апта бұрын еріген.