Алакөлге су төккен қонақ үйге айыппұл салынады
Әлеуметтік желіде көлге құбыр арқылы лай су төгіліп жатқаны бейнеленген жазба таралып кетті
Алматы облысының әкімдігі, құбыр қонақ үйге тиесілі. Ал сол қонақ үй басшысы жазасын алатын болады, деп жазады Tengrinews.kz сайты.
Туристердің пайымдауынша, көлге кәріз суы төгіліп жатыр. Бірақ тергеу амалдары бұл пайымды растамады.
- "Көктем гранд" қонақ үйінің хауызының суын көлге ағызып отырған. Әкімшілік және "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының өкілдерінен құралған аудандық комиссия Ақшиге бет алды. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін тиісті шаралар атқарылатын болады, - деп хабарлады Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.
Ал бұл қонақ үй экологиялық нормаларға сай жауапқа тартылады.