Магистр дипломын сатып алып беруге уәде еткен әйел ұсталды
27 шілде күні "алаяқтың құрбаны болдым" деген Тарбағатай ауданының тұрғыны тәртіп сақшыларына жүгінген
Оның айтуынша, 2017 жылдың тамызында алыс таныс әйел сеніміне кіре отырып, магистр дипломын сатып алып беруге уәде етіп, бір жарым миллион теңге алған.
Семей қаласындағы Әуезов аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерлері алдап кеткен әйелдің кім екенін дереу анықтаған. Ол 36 жастағы бұрын да осындай құйтырқы әрекеті үшін істі болған қала тұрғыны болып шықты.
- Тергеу барысында күдікті қылмысын мойындады. Заттай айғақтар анықталмады. Өйткені ол ақшаның барлығын жұмсап үлгерген, - деп түсіндірді ШҚО ПД баспасөз қызметі. - Факті сотқа дейінгі тергеу бірыңғай реестрінде ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі бойынша тіркеліп, қазіргі таңда арнайы тергеу жүріп жатыр.