Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерді халықпен байланыс жасауды үйретеді
Азаматтармен тиімді және сапалы өзара байланыс жасау мемлекеттік қызметшілер үшін басым міндеттердің бірі болып табылады
Мемлекеттік қызмет жөніндегі Агенттіктің жұмыс барысы Астанада өткен кеңейтілген кеңесте талқыланды.
- Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президенттің айтылған тапсырмасы бойынша мемлекеттік қызметшілердің азаматтармен өзара байланыс жасау дағдыларын дамытуға ерекше назар аудару керек, оларды БАҚ-та, мемлекеттік басқару академиясы базасында әлеуметтік желілерде резонанстық жарияланымдарға дұрыс әрекет ете білуге үйретуді қамтамасыз ету қажет, - деді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилганова.
Мұндай дағдыларды оқыту бағдарламаларын мемлекеттік басқару академиясына әзірлеу тапсырылды. Бұл әсіресе жергілікті атқарушы органдардың басшы қызметкерлері үшін өзекті.
- Әрбір мемлекеттік қызметкердің біліктілігі, үкімет пен халықтың жақсы қарым - қатынаста болуын қамтамасыз етеді, - деп атап өтті Агенттік басшысы.
Бұл ретте мемлекеттік органдарға жүгіну кезінде азаматтардың мүдделері мен құқықтарын қорғау Агенттік жұмысының маңызды элементі болып табылады.
- Бүгінгі күні агенттікке келіп түскен өтініштер санының өсуі байқалады, бұл халықтың біздің жұмысымызға деген сенімінің көрсеткіші болып табылады. Осыған байланысты, біз олардың сапалы және уақтылы қаралуын қамтамасыз етуге міндеттіміз. Әрбір шағым жан - жақты зерделенуі және қисынды аяқтауға жеткізілуі тиіс, - деп Анар Жаилганова.