69 жасар ЖОО түлегі өз өлеңдер жинағын шығаруды армандайды
Өз арманын жүзеге асыру үшін Орал зейнеткеріне 300 мың теңге қажет, оның зейнетақысы 60 мың теңгені құрайды
Мұрат Губайдуллин репертуарында 70-ке жуық өлеңдер бар, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сайты. Олардың бір бөлігі ұлт-азаттық қозғалысының жетекшісі Сырым Датовқа, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Алтай Көлгіновке арналған.
Мұрат жоғары білім туралы көптен күткен дипломды тек 2015 жылы ғана алды. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін ол алдымен колледжге, ал бітіргеннен кейін Қазақстан ақпараттық және телекоммуникациялық жүйелер университетіне түсті. Енді оның Заңтану бойынша бакалавр дәрежесі бар.
Зейнеткер айтқандай, ол поэзиямен мектеп қабырғасынан әуестенеді. Қазір оның басты арманы - қазақ тілінде авторлық өлеңдер жинағын шығару.
Алайда, Губайдуллиннің баспаханаға ақша жоқ.