Қазақстанның экология министрі қоқыс жинаумен айналыспақ
Қазақстандық экология министрі Нұр-Сұлтан маңындағы су қоймасын қоқыстан тазартып, акцияға қосылуға шақырады
Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев алдағы сенбі күні Қоянды су қоймасының аумағын қоқыстан тазартып, Министрлер Кабинетінің басқа мүшелері мен азаматтарды оны қолдауға шақырды.
- Астананың маңындағы су қоймаларында бірнеше жерге бардық. Аумақтың жай-күйі шошытаарлық, барлық жерде қоқыс, адамдардың тіршілік әрекетінің қалдықтары және т.б. Стихиялық қоқыс тастайтын жерлер табиғатта әдеттегі құбылыс болды. Мәселені тек әкімшілік ресурс арқылы шешу мүмкін емес, қоғамды топтастыру қажет, - деп жазды Мырзағалиев Twitter-дегі парақшасында.
Осыған байланысты ол #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясының басталғандығы туралы жариялады (Бірге. Таза Қазақстан).
- Осы сенбіде Қоянды су қоймасын тазартудан бастайық. Еріктілерді, қоғам қайраткерлерін, үкімет мүшелерін, экологиялық белсенділерді және барлық бей-жай емес азаматтарды игі іске қатысуға шақырамын, - деді министр.
Ол жиналысты жақын сенбі күні таңғы сағат 8:00-де Нұр-Сұлтан саябағының Триатлон алаңында жариялады.
Қазақстанда маусым айында Президенттің Жарлығымен экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі құрылды.