Өскемен
пасмурно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +9°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +19°
$
442.05
474.14
¥
61.07
4.74
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

Ұлттық музей директоры өзінің жалақсы жөніндегі қауестке пікір білдірді

Жақында Ұлттық музей диреторы болып тағайындалған экс-мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының жалақысы туралы өсек шығып, оның айлық табысы 3 млн теңге құрайтыны жөнінде көптеген ақпараттар таралды

Мұхамедиұлының сөзінше, бұл ақпарат – жалған, - деп хабарлайды Zakon.kz.


Ұлттық музей директорының айтуына қарағанда жалақысының қанша болатыны әлі өзіне белгісіз болған тұста мұндай ақпараттар тараған. Мұндай шындыққа жанаспайтын ақпарат тарату кімге пайда әкелетінін білмейтінін, fake news қолдан жасалғанына күмәні жоқтығын, әсіре сілтегенін айтады.

- Өздеріңізге аян, көптен бері мәдениет саласы қызметкерлеріне жоғары жалақы беруін сұрайтынмын. Министр қызметін атқарған бес жыл ішінде осы мәселені бірнеше рет көтердім. Егер осындай ақпарат шындыққа жанасса, әрине қуанар едім, өкінішке қарай, бұл әзірге мүмкін емес. Әдеттегідей сіздерге шынымды айтайын: министр қызметін атқарғанда еңбекақым 980 000 болды, Ұлттық музей директоры ретінде 172 436 теңге есептеліп, қолыма 139 673 теңге берілетін болады, - дейді экс-министр.

Ал Мұхамадиұлының бұл қызметтегі санаты "А1-1", еңбек өтілім мамыр айын қоса алғанда 31 жыл үш ай болады.

- Сонымен, достарым, не шықты? Нағыз фейк. Жалған ақпаратта менің айлық жалақым ретінде көрсетілген сома менің еңбекақымды 95% көбейтіп, мен 12 айда алатын 1 676 076 теңгені екі есеге арттырыпты. Бізде "он үшінші еңбекақы", бонустар жоқ. "Кездейсоқ»"миллиондарға қателесіп кетіпті, - деді ол.

Следующая →