Сарыағаштық азамат адамдарды алаяқтық жолмен жұмысқа тұрғызбақ болған
Интернеттегі алаяқтар өз қызметтері үшін үлкен ақша сұрап, ақшаны алғаннан кейін зым-зия жоқ болған
Жәбірленушілердің айтуы бойынша, олар Интернет арқылы жұмыс іздеп, хабарландыруға қызығушылығы артқан. Жұмысқа көмектесуге уәде берген адамға 150 мың теңге төлеуге тура келген, бірақ, өкінішке орай, уәде етілген жұмысқа ешкім орналастырып бермеген, деп Zakon.kz сайты хабарлайды.
Полицияның айтуынша, ер адам 6 осыған ұқсас алаяқтық эпизодқа қатысқан.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қылмыскерді Қызылордадан тапты.