Қазақстандық шахматшы қыз Динара Сәдуақасова Азия чемпионаты кубогын жеңіп алды
Шахматтан ерлер және әйелдер арасындағы Азия чемпионаты 6-16 маусым аралығында Қытайдың Синтай қаласында болды
Шахматшылар сыйақы қоры 85 мың доллар көлемінде болған бәсекеде бақ сынасты. Турнир швейцариялық жүйе бойынша, яғни 9 раундтан өтті.
23 жастағы спортшы 15 елден келген 36 қарсыласын басып озып, 9 мүмкіндіктің 7,5-ін жинаған.
- Динараны жеңісімен құттықтаймыз! Жоғары жетістіктер мен жаңа белестерге жетелейтін шабыт тілейміз, - деп федерация Динараны құттықтады.
Атап өтсек, республика намысын бұл турнирде үш шахматшы қорғады: Ринат Жұмабаев, Динара Сәдуақасова, Гүлмира Дәулетова. Жарыстың жүлде қоры - 80 мың АҚШ доллары.