Қазақстанда үш жылда жымқырылған қаржының көлемі 40 млрд теңгеге жетті
Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі коррупцияның кесірінен елге келген зиянның көлемін есептеп көруге тырысты
Ал соңғы үш жылда тоналған қаржының көлемі 40 млрд теңгеге жеткен. Бұл жайында мекеме басшысы Алик Шпекбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
- Елдегі әлеуметтік мәселелердің көбін жымқырылған ақшамен-ақ оңай шешуге болады. Қаражат тәркіленіп, науқас балаларды емдеу мен көпбалалы аналарды, мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауға жұмсалса, азаматтарда кәдімгідей медеу болар еді, - дейді Шпекбаев.
Аталмыш агенттік құқық қорғау органдары мен бақылаушы, қадағалаушы органдарды уақтылы тексеріп отыруды заңды түрде бекіткенді жөн көреді.