Түркістанда полиция қызметкерлері қысқартылып жатыр
Түркістан облысындағы полиция қызметін үйлестіру барысында 200-ден аса адам қызметтен босады
Облыстық полиция департаменті басшысы Қайрат Дәлбековтың айтуынша, жеке құрамның 10%-ы, яғни, 275 қызметкер жұмыстан қысқарған. Қатардағы қызметкерлермен бірі басқару қызметінің де басшылары жұмыстан босады. Нәтижесінде 17 басқару қызметінің орны босаған.
Қазір облыстық аппаратта 25 қызмет қана басшылыққа жауап береді.
Жеке құрамның қысқаруына байланысты іссапар шығындары да екі есе қысқарған.
Тақырыптар:
Сокращение полицейских в Туркестанской области Начальник Департамента полиции Туркестанской области Кайрат Дальбеков Оптимизация штатной структуры полиции Казахстана