Өскеменде полиция көшелердің бірін қоршап алды
Өскемен қаласының полиция қызметкерлері Мыза көшесіндегі қозғалысты тоқтатты
Қазақстан мен Мыза көшелерінің қиылысынан Протозанов көшесінің бұрылысына дейінгі жол учаскесін полиция қызметкерлері қоршап алды, деп хабарлады Устинка LIVE.
Біздің редакциямыздың журналситеріне көше бойында кезекшілік етіп жүрген полиция қызметкерлері айтқандай, 102 арнасына Мыза көшесіндегі аялдамада белгісіз бір дорбаның жатқаны туралы хабарлама түскен. Енді мамандар анық-қанығын тексеріп жатыр.
Полиция басқармасы әзірге ресми жауап берген жоқ. Сонымен қатар, көшедегі қоршау алынып тасталды. Демек күдік туғызған дорбадан қауіпті еш нәрсе табылмаған.