Қазақстандық ұшақ Мәскеуге апаттық жағдайда қонбаған
Азаматтық авиация комитеті "Эйр Астана" ұшағының апаттық қонуына байланысты пікір білдірді
Бұған дейін ресейлік БАҚ хабарлағандай, Шереметьево әуежайында қазақстандық "Эйр Астана" әуе компаниясының ұшағы апаттық жағдайда қонған.
Ал Азаматтық авиация комитеті бұл ақпараттық жалған екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты. Нұр-Сұлтан – Мәскеу бағытындағы КС 873 рейсті ұшағы 16 мамыр күні 40 минутқа кешіккен. Бұған ұшақта аса қауіп тудырмаған ақау себеп болған. "Эйр Астана" ұшағы ұзақ тежегіш жолын қамтамасыз ету үшін мәскеулік әуежайдан толық тоқтау жолағын сұраған. Ал апаттық қону жайлы ешқандай белгі болмаған.