Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Екатерина Скударнова
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде лотерея түрінде казино бизнесін жүргізіп келген

Шұғыл алдын алу шаралары кезінде облыстық Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері ірі ойын автоматтарын тәркіледі

Белгісіз азаматтар қаладағы ойын-сауық орталықтарының бірінен орын жалға алып, лотерея залы ретінде көрсетіп онлайн-казино ұйымдастырған.

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушылар мынадай жолмен жұмыс істеген: аллдымен ойыншылар кіру үшін 10 мың теңге төлейді, ал операторлар ол қаржыны карталарына аударып бергеннен кейін ойын автоматтары іске қосылған. Ал ойыншының ұтысы кассадан берілген.

- Зал ішін тексеру кезінде 1 млн теңгеден астам сома, 20 "BINGO 37"аппараттық-бағдарламалық кешен, плазмалық теледидар, моноблоктар, жүйелік блоктар, ойынхана қызметкерлерінің ұялы телефондары мен "MONTE CARLO BINGO 37" деген жазуы бар киімдері түгелдей тәркіленді, - деп мәлімдеді ШҚО Экономикалық тергеу департаментінің баспасөз қызметі.

Одан өзге, ойынханада лицензиясыз сатылып келген алкогольдік ішімдіктер тәркіленді.

- Қазір тәркіленген заттар талдамаға жіберілген, - дейді департаменттегілер. - Аталмыш факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК 307-бабы 2-бөлігі "Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру" бойынша тіркеліп, тергеу жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда ойын бизнесін жүргізуге тек екі орында – Ақмола облысындағы Шучинск-Бурабай сауықтыру аймағында және Қапшағай су қоймасының оң жағалауында рұұқсат етілген. Ал электронды казино және интернет-казиноға Қазақстан Республикасында тыйым салынған.


Следующая →