Қазақстан мен Қытай бірігіп фильм түсірді
Көркем фильм әйгілі қытай композиторы Сянь Синхай мен қазақ композиторы Бақытжан Байқадамовтың достығы туралы шынайы оқиға желісімен түсірілген
Нұр-Сұлтандағы "Қазақстан" орталық концерт залында 17 мамырда Қазақстан мен Қытай алғаш рет бірге түсірген "Композитор" көркем фильмінің тұсаукесері өтеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Следующая →
- Әйгілі қытай композиторы Сянь Синхай мен қазақ композиторы Бақытжан Байқадамов туралы бұл оқиға баршамызға бұрыннан белгілі. Мен музыкантпын, консерваторияда оқыдым, екі атақты адамның достығы туралы тамаша хикая бала күнімнен есімде. Сянь Синхай Алматыға көшіп келгенде көмек қолын созған алғашқы жандардың бірі біздің композитор еді, - деп атап өтті мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова.Кинокартинаның тұсаукесеріне шығармашылық ұжым қатысады. Қызыл кілемге Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ вице-президенті Серік Жұбандықов, фильмнің қоюшы режиссері Шерзат Якуб, сорежиссер Сәбит Құрманбеков, Бақытжан Байқадамовтың рөлін сомдаған актер Берік Айтжанов, Сянь Синхай мен оның әйелінің рөлін ойнаған қытай актерлері Ху Чжунь мен Юан Чуан шығады.
Тақырыптар:
Совместные киносъемки Казахстана и Китая Художественный фильм "Композитор" АО "Казахфильм"