Қазақстанда ұсақ тиындар жетпей жатыр
Әлеуметтік желі қолданушылары дүкендерде ұсақ ақша жетпей жататынын жиі жазады
Әсіресе, 5-100 теңге аралығындағы ұсақ тиындар жетпей жатады, деп жазады Tengrinews.kz.
- Тіпті, базардағы сатушылардың өзінде ұсақ тиын қалмай бара жатыр, - деп жазады әлеуметтік желі қолданушылары.
Ал супермаркеттегі сатушылар жетпей жатқан ақшаны телефонға аудара салуды өтініп жатады.
Ұлттық банк болса, өңірлерге жететіндей етіп тиындардың шығарылатындығын мәлімдеп отыр.
Қазіргі уақытта елде 45,3 млрд теңгенің құнына тең 2,9 млрд монета айналымда жүр. Яғни, бір адамға 158 монетадан келеді.
- Кейде азаматтардың қолында көп мөлшерде тиын ақшалар жиналып қалады. Оның Ұлттық банкке келіп қағаз ақшаға айналдыруға болады, - дейді Ұлттық банк.