Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстанда 160 мыңнан астам жанұя атаулы әлеуметтік көмек алды

Көп балалы аз қамтылған отбасылар кепілді төлемдерді ала бастады, оған 22,3 млрд теңге бөлінді

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова хабарлады.

- Мемлекеттік органдардың бірлескен іс-қимылдарының нәтижесінде бүгінгі күні 160 мыңнан астам жанұяға АӘК төленді, бұл құжаттарды тапсырған адамдардан 100% тағайындалған төлемдер, - деді ол.

Құжаттарды тапсыру шамасы бойынша сома ұлғаятын болады деп түсіндірілген.

Сондай-ақ, мамыр айында сатып алу құқығынсыз бюджеттік жалға берілетін тұрғын үй беріле бастады.

- 1 мамырға 249 көпбалалы отбасы жаңа пәтер алды. Жалпы, мамыр айында 1316 пәтер беру жоспарланып отыр, 7 мың пәтер жылына жоспарланған, - деді ол.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2019 жылы Қазақстан Үкіметі көп балалы отбасыларға 83 млрд теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек төлеуді жоспарлап отыр.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараты бойынша, қазіргі уақытта елімізде 340 мың көп балалы отбасы тұрады.

Следующая →