Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Мемлекет басшысы Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен құттықтады

Қазақстан Президенті Қасым-жомарт Тоқаев Алматыдағы Абай алаңында құттықтау сөз сөйледі

Алматыда 1 мамыр мерекесіне арналған мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды сайт Zakon.kz.
Абай алаңында танымал қоғам қайраткерлері, жастар, қонақтар мен Алматы тұрғындары қазақстандық жұлдыздардың өнерін тамашалау үшін жиналды. Концерттен кейін Қазақстан Президенті құттықтау сөз сөйледі.

Мемлекет басшысы жиынға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде бүгінгі мерекенің еліміздегі барлық халық пен ұлт өкілдерін біріктіретінін айтты.

- Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясында сөйлеген сөзінде Қазақстандағы ұлтаралық келісімнің маңызы зор екенін атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаевтың қажырлы еңбегінің арқасында Қазақстан бүгінде көптеген ұлт өкілдерінің киелі шаңырағына айналды, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Президенті көп этносты, көп конфессиялы еліміздің келешегі туралы түрлі теріс болжамдар айтылғанына қарамастан, Елбасының ортақ Отанымызда бейбітшілік пен келісімді сақтай білгенін айтты.

Қазақстан Президенті әртүрлі этникалық топ өкілдеріңнің өзара сыйластығының, ауызбіршілігі мен жасампаз еңбегінің арқасында Тәуелсіздігімізді нығайтып, экономикада табыстарға жеткенімізді атап өтті.

- Бүгінде әрбір қазақстандық қай этникалық топқа жататына қарамастан өздерін біртұтас үлкен отбасының мүшесі сезінеді. Бірлік пен келісім – халқымыздың қиын-қыстау жылдарда да сақтай білген құндылықтары. «Әралуандықтан бірлікке» – біздің саясатымыздың мәні. Бәріміз бірге өзіміздің еңбексүйгіштігімізбен, табандылығымызбен ғана қуатты әрі дамыған мемлекет құра аламыз, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы жиынға қатысушылардың бәрін Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтап, бақыт, амандық және жаңа табыстар тіледі.

Следующая →