Қазақстанда су тасқынына қарсы күрес жалғасуда
Ақмола облысындағы өзен арнасынан тасып, ауылдағы тас жолды шайып кетті
Ақмола облысындағы Ескі Колутон ауылында Колутон өзенінің су деңгейінің көтерілуіне байланысты 20 ауланы су басты, деп хабарлайды облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.
- Су деңгейі - 15 см, қазір тұрғын үйлерге кедергілер салынып, қаптарды төсеу жұмыстары жүргізілуде. 170 дана қап қойылды, тағы 120-сы дайын, - деп хабарлады мекеме.
Жұмысқа 40-тан астам адам және 11 техника жұмылдырылды.
- Ауыл оқшауланып қалды, бірақ азық-түлік пен негізгі қажеттіліктер алдын ала жеткізілді, - деп хабарлады мекеме.