Елордада экологиялық акция басталды
Экологиялық акцияны елорда әкімдігі және "Адал" волонтерлік қозғалысы қолдады
«Спарта Астана» эко-клубы, «Таза қала үшін» эко-қозғалысы, «Спарта Астана» қозғалыс клубы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен «Менің қалам – Таза қала» акциясын өткізеді, деп хабарлайды 24.kz.
Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, плоггинг – жүгіріп қоқыс жинау. Ол бір мезетте екі істі жасауға бағытталған. Біріншіден, бұл – физикалық белсенділік, екіншіден, қоршаған ортаны қорғау.
Следующая →
Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, плоггинг – жүгіріп қоқыс жинау. Ол бір мезетте екі істі жасауға бағытталған. Біріншіден, бұл – физикалық белсенділік, екіншіден, қоршаған ортаны қорғау.
- Бұл жерде қатты жүгіру немесе мәреге бірінші жету міндетті емес. Акцияға балалар, қарттар, жастар біздің қаланы, елімізді таза, қоқыссыз көргісі келетін барлық адам қатыса алды, – дейді ұйымдастырушылар.Плоггинг аясында ең ауыр, ең көп қоқыс жинаған адамды анықтау конкурсы да ұйымдастырылады. Әр саябақта белсенділер жиналған қоқысты өлшеп ең ауырын, ең үлкенін анықтайтын болады. Одан бөлек қоқысты бөліп жинау бойынша шеберлік-сабағы өтеді. Сұрыпталған қоқыс бірден қайта өңдеуге жөнелтіледі.