Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Компания жаңалықтары Компания жаңалықтары
Ақпарат көзі:
Устинка

Серебрянскіде үйі өртеніп кеткен зейнеткер қоныс тойын тойлауда

Серебрянск қаласында тұратын зейнеткерлердің үйі 5 қаңтар күні түнде өртеніп кеткен еді

Ол күні отанасы 62 жастағы Наталья Демьянова Өскемен қаласына, қызына қонаққа кеткен. Ал отағасы Анатолий Алексеевич үйде жалғыз қалған екен.

Үйде теледидар көріп ұйықтап кеткен қария түнгі сағат үштерде ауыр жарылыстың үнінен оянып кетеді. Қараса электр есептегіш күйіп кеткен екен. Ал одан шыққан жалын төбеге өрлеп, бөлмеге қарай шапшып келеді. Қария дереу құжаттарын жинап, бергі бөлмеде тұрған газ баллонын алып далаға қарай жүгіреді.

Үйден шыққан сол еді – үйдің де төбесі жанып ортаға құлап түседі, жалын одан әрі қораға қарай, жаздық ас үйге қарай шапшып, бір үйді бірер минуттың ішінде тып-типыл етеді.

Баспанасынан айырылып қатты қайғыға салынған қос қария туыс-туғандарынан да "жылу" жинап, еш нәтиже шығара алмайды. Не істерін білмеген Анатолий қария бұрын өзі істеген жеріне - "Қазмырышқа", бұрынғы әріптестерінен көмек сұрауды ұйғарады.

- Бұқтырма су электр стансасында 18 жыл еңбек еттім. Әріптестерім тамаша жандар еді, қайғыны да, қуанышты да бірге бөлісетін едік. Олардан көмек сұрауға басында батпай жүрдім, ыңғайсыздандым. Алайда одан басқа шара да жоқ еді. Қартайған шағымда ешкімге масыл болғым келген жоқ, - дейді Анатолий Чеснаков.

Әріптестерінен қолдау болатынына сенген қария аяқ астынан баспаналы болам дегені үш ұйықтаса түсіне де кірмеген.

- Компания маған үй сатып әперді дегенде көзіме жас келді. Енді төрт бөлмелі үйім бар, - дейді қария.

Биыл қария 65 жасқа толады, кәсіпорын өкілдері де қарттың туған күніне орай осындай айтулы сыйлық жасады.

Следующая →
Материал размещен на правах рекламы