Қазақстанда жемқорлардың тізімі жариялануы мүмкін
Transparency Kazakhstan бірлестігінің қоғамдық мүшелері Қазақстан президентіне жемқорлардың ашық тізімін жасауды ұсынды
Ал Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қазақстанда пара алып сотталғандардың тізімін жасауға әзір екендігін жеткізді, деп хабарлайды Sputnik Казахстан.
Мемлекеттік қызмет істер агенттігі қоғам мүшелерінің ұсынысын мақұл көріп, азаматтар тарапынан да бақылауды күшейту үшін тізім жасауға келісіп отыр.
- Қазір Президент әкімшілігі ұсыныстың техникалық мәселелерін қарастырып жатыр, - дейді Transparency Kazakhstan қоғамдық қоры.
Тізімге еніп кеткен тұлғалардың қайтып жемқорлыққа аяқ баспайтыны халықаралық деңгейде дәлелденген.