Қостанайда көктайғақтың кесірінен елу адам жапа шекті
Жарақат алған тұрғындардың барлығы Қостанай қалалық ауруханасына келіп көмекке жүгінген
Бүгін таңертеңнен бастап травматологиялық пункке 50 шақты адам келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА.
Келген азаматтың 14-і ауруханаға жатқызылды.
- Облыстық балалар ауруханасына да 14 адам жүгінген. Оның төртеуі мұздан тайып жығылғандар, - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Қазір Қостанайда көктайғақтың кесірінен сабақтар да тоқтатылды.