Өскемен
ясно
-21°
  • Өскемен
    -21°
  • Алматы
    -7°
  • Астана
    -9°
  • Ақтөбе
    -12°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    -3°
  • Қарағанды
    -13°
  • Көкшетау
    -12°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    -5°
  • Павлодар
    -19°
  • Петропавловск
    -12°
  • Тараз
    -7°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    -4°
$
514.93
-0.96
536.04
-0.28
¥
70.55
-0.15
5.18
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

Биыл "7-20-25" бағдарламасымен 2000 пәтер беріледі

Облыс әкімі Даниал Ахметов ипотекалық несие бағдарламасы бойынша берілетін тұрғын үйлерді тездетіп сатуға тапсырма берді

Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сырым Дүсіповтың айтуынша, биыл Өскемен, Семей, Риддер, Курчатов және Қасым Қайсенов кентіндегі 1223 пәтердің ипотекалық несие бағдарламасымен берілетіндігін айтады.

- Риддер әкімдігі кезекте тұрғандарға 55 пәтер үлестірді, сонда 1167 пәтер қалады. Ақпан айының соңына дейін 295 пәтер сатылып, сатылмаған 872 пәтер қалды. Несие алуға 479 өтініш келіп, 295-і мақұлданды, - дейді Сырым Дүсіпов.

Аймақ басшысы басқарманың жұмысына көңілі толмай, орынбасары Алмасхан Сматлаевқа тапсырма беріп, мекеменің жұмысын қадағалауға алуын өтінді.

- Сараптама жасау қажет. Займ рәсімдеу жиілігін анықтай отырып, бір айда қанша пәтер сатылатындығын ескерген жөн. Егер бір айда 50 пәтер сатылатын болса, онда он айда 500 пәтер ғана беріледі. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің қолда бар пәтерлерді беруге қанша уақыт кететіндігі де маңызды. Ал жылдың екінші жартыжылдығында тағы да мыңға жуық пәтер салынатын болады. Сонда біз биыл 2000-ға жуық пәтерді сатып үлгеруіміз қажет, - дейді Даниал Ахметов.

Одан бөлек, табысы төмен, мұқтаж отбасыларға тұрғын үй сертификаттарын беру жағын да қарастыруға тапсырма берді.


Следующая →