Петропавлде 30 мың бөтелке сыра кәрізге төгілді
Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің мамандары контрафактімен келген ішімдіктерді тапты
Ал заңсыз жасалған ішімдіктердің көбі сыра болып шықты. Дүкенде тұрған бұл сыралардың құжаттары жоқ әрі пластмасс бөтелкелерге құйылып салылған екен. Заң бойынша, пластмасс ыдысқа сұйықтық құюға болмайды.
Оның барлығы, яғни, 30 мың бөтелке сыра кәрізге төгіліп, көзі жойылды.
- Ыдыстар мен полиэтилен целлофандар өңдеуге жіберіледі. Экологияға еш зияны жоқ, - дейді Солтүстік Қазақстан облысы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті.
Тақырыптар:
Слили в канализацию Контрафактный алкоголь в Казахстане Дкпартамент госимущества и приватизации