Шымкентте электронды коммерция орталығы ашылады
Электронды коммерция саласына компьютерлік жүйенің көмегімен жүзеге асырылатын барлық қаржылық және сауда операциялары жатады
Осындай орталық Шымкентте алғаш рет ашылады, "Қазақпарат" ХАА сайты.
Ашылу 15 сәуірге жоспарланған. E-commerce орталығы Шымкент әкімдігі, "Қазпошта" АҚ мен "Shymkent" ӘКК" АҚ арасындағы үшжақты меморандум аясында ашылмақ.
Электронды сауданы дамыту Шымкенттегі жастар және әйелдер кәсіпкерлігін дамыту жоспарының бір пункті болып табылады.
Билік интернет-дүкен иелеріне Қазақстан және Өзбекстан бойынша сатылған тауарлардың жеткізу шығынын өтеп беруге әзір.