Қазақстан АҚШ-қа тікелей рейстер ашуды жоспарлап отыр
Қазақстан азаматтық авиация комитеті американдық тарап өкілдерімен келісім жасайды
Осы жұмыс нәтижесі Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы "ашық аспан" қағидаты бойынша әуе қатынасы туралы келісімге қол қою болады, деп хабарлайды Zakon.kz сайты.
- 2018 жылдың 21 қыркүйегінде Вашингтон астанасында Қазақстан мен АҚШ авиациялық билігі арасындағы екіжақты келіссөздер өтті. Қазіргі уақытта американдық тараппен қол қоюға жоспарланған әуе қозғалысы туралы үкіметаралық келісімнің мәтінін келісу рәсімі аяқталуда. Осы Келісімге қол қою Қазақстан мен АҚШ арасындағы тікелей әуе рейстерін ашудың құқықтық негізін құруға мүмкіндік береді, - деп хабарлады Азаматтық авиация комитеті.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке тек Құрама Штаттармен ғана емес, сонымен бірге Жапониямен тікелей әуе қатынасын орнату қажеттігін есіне салды.