Венесуэла оппозиционерлері әскерилермен кездесті
Оппозициялық парламент басшысы Хуан Гуаидо елдің әскери ортасынан қолдау тапқанын хабарлады
Гуаидоның сөзіне қарағанда, Венесуэланың заңды президенті Николас Мадуроға қарсы күресте әскерилердің көмегі көп болмақ. Ол үшін әскер басшыларымен және құпия қызмет өкілдерімен бірнеше рет жасырын кездескен.
- Әскери күштің арқасында ғана билікті ауыстыруға болады, - деп мәлімдеді Гуаидо.
Одан бөлек, Гуаидо қазіргі уақытта 50 мемлекеттің оны Венесуэла басшысының міндетін атқарушы ретінде танитындығын жеткізді.
Тақырыптар:
Встреча с военными Ситуация в Венесуэле Президент Венесуэлы Николас Мадуро Лидер оппозиции в Венесуэле