Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Қысқы ұлттық бірыңғай тестілеуге 35 мың адам қатысқан
Оның ішінде 20 мыңы қазақ тілінде, 15 мыңы орыс тілінде тапсырған, деп хабарлайды Спутник Қазақстан.
- Қысқы" ҰБТ-ға 34 687 мектеп оқушысы қатысқан. 24 012 адам немесе тапсырғандардың 69%-ы шектік ұпайдан артық балл жинаған, - дейді білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы директоры Рамазан Әлімқұлов.
10 675 білім алушы (31%) жеткілікті ұпай жинай алмады.
Мемлекеттік тілде тапсырғандар саны 25 мыңнан асса, он мыңнан астам оқушы орыс тілінде тестілеуден өткен. Ағылшын тілін 61 талапкер таңдапты. Сонымен бірге, мүмкіндігі шектеулі тоғыз оқушы өз білімін тексеріп көрді.