Қазақстанда үш тас жол ақылы болмақ
2019 жылдың 26 қаңтарынан бастап "Астана-Теміртау" (134 шақырым), "Алматы-Қапшағай" (42 шақырым), "Алматы-Хоргос" (295 шақырым) тас жолдары ақылы болмақ
Ал ақылы жолдан түскен табыс жолдың сапасын арттыруға жұмсалмақ, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жолақыны екі жолмен төлеуге болады. Бірі жолдағы төлеу орнына келіп төлеу болса, екіншісі терминал арқылы алдын ала төлеу. Оның үстіне, алдын ала төленген ақы пунктте төлетін ақыдан төмен.
Жедел жәрдем, өрт сөндіру техникалары сынды арнайы қызмет көліктері тегін жүреді. Одан бөлек, ақылы жол аумағында жатқан елдімекеннің тұрғындары мен рейс автобустарына қатынау тегін.