Венесуэлалық әскери топтар мемлекеттік төңкеріс жасамақ
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, бүлікшілер Каракастың батысындағы Ұлттық гвардияның штабын және қаланың бір ауданын басып алды
Ұлттық құраушы жиналысының жетекшісі Диосдадо Кабельо өзінің Twitter-дегі парақшасында президенті Николас Мадуроға "Халықты зорлық-зомбылық пен алаңдаушылық туғызуды" жоспарлап отырған "Отанын сатушыларды" жазалау туралы айтты.
- Тағы да біздің ұлттық боливариялық қарулы күштеріміз, қару-жарақты ұрлап кеткен сатқындардың шағын тобын қамауға алу қажет, - делінген хабарламада.
Каракас көшелерінде билік саясатына наразылық білдірген адамдардың жаппай демонстрациясы байқалды, полиция қызметкерлері оларды газбен таратуда. Көтерілісшілер бүлікші әскерилерді қолдайды.