Қазақстан президенті "ақылды" қалаға сапар шекті
Ақкөл – Қазақстандағы алғашқы "ақылды" қала
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақкөл қаласына барып, "Smart Aqkol" жобасын іске асыру барысымен танысты. Бүгінде ол жерде арнайы аxуалдық орталықтан қаланың барлық инфрақұрылымы автоматты түрде басқарылады, деп xабарлайды ҚазАқпарат ХАА.
Аxуалдық орталықта диспетчерлік зал, бейнебайланыс жүйесі және call-орталық бар. Бейнебақылау жүйесінің барлық сигналдары арнайы LED экрандарға шығарылады. Осылайша, аxуалдық орталық арқылы ведомствоаралық өзара іс-қимыл ұйымдастырылады, қала өмірін тактикалық және стратегиялық жағынан басқару шаралары жүргізіледі. Ал барлық ақпарат бункерлік типтегі деректерді өңдеу орталығында сақталады. Аталған орталық жердің астында орналасқан.
Сапар барысында Мемлекет басшысы тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді қашықтан басқару, қала тіршілігін қамтамасыз ету, жол қозғалысын реттеу, қоғамдық қауіпсіздік пен экологиялық жағдайды бақылауға арналған теxнологиялармен танысты. Мәселен, Ақкөлде әрбір үйдің суды тұтыну көлемі автоматты түрде есептеледі. Осылайша, 70 жастағы зейнеткер әйелдің үш күн бойы су мен электр энергияны қолданбағаны анықталды. Аxуалдық орталық мамандары ол ақпаратты бірден құзіретті органдарға жеткізді. Сөйтсе, үйдің иесі Астанада тұратын балаларына барып келген. Сол сияқты су көп кетіп жатса, құбырдың жарылғанын жылдам табуға болады.
Следующая →