Жаркенттегі дене шынықтыру мұғалімі студенттерді сабаған
Істеген ісі үшін Жаркент көппрофильді колледжінің мұғалімі жұмыстан шығарылды
Мұғалімнің қалай студенттерді соғып, бейәдеп сөздерді айтқаны түсіріліп қалған бейнежазба әлеуметтік желіде тарап кетті.
- Ағымдағы жылдың 10 қаңтарында болған оқиғаға байланысты дене шынықтыру мұғалімі жұмыстан шығарылды. Тексерістен кейін колледж басшысы мен педагогтарға қатысты жаза қолданылатын болады, - дейді Алматы облысы әкімдігі.
Ескерту! Бейнежазбада бейәдеп сөздер бар.
Следующая →