Өскеменнің ЖМК ауданында кеше жарық сөніп қалды
Көше бойындағы кәбіл үзіліп кетіп, жарық сөніп қалған
Өтепов пен Комсомол көшелеріндегі 12 үйдің тұрғындары кешеден бері жарықсыз отыр.
Өскемен қаласының әкімдігі Шығыс Қазақстан энергетикалық компаниясы кешеден бері жер қазу, кәбіл жөндеу жұмыстарымен айналысып жатқанын жеткізді.
- Қазір мамандар кәбіл көмілген жерге дейін жетті, енді бір сағаттың ішінде ол жөнделетін болады, - дейді әкімдік.