Өскемен
ясно
-19°
  • Өскемен
    -19°
  • Алматы
    -8°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -10°
  • Актау
    +6°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -11°
  • Көкшетау
    -12°
  • Қостанай
    -10°
  • Қызылорда
    -5°
  • Павлодар
    -13°
  • Петропавловск
    -11°
  • Тараз
    -8°
  • Туркестан
    -10°
  • Шымкент
    -5°
$
515.89
-7.83
536.32
-7.77
¥
70.7
-1.05
5.17
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Тартылған Арал түбін көгалдандырмақ

Аралдың тартылған 10 мың гектар жеріне сексеуіл егіледі. Ал Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында оны кесуге салынған тыйым тағы 5 жылға ұзартылған

Мемлекеттік жерде сексеуілді кесуге тыйым 4 жыл бұрын салынған, деп хабарлайды "Қазақпарат" ХАА сайты.

Мараторий сексеуіл егілген жер ауданын кеңейтіп қана қоймай, Қазақстандағы құрғаған жерлерді қалпына келтіруге септігін тигізді. Арал маңындағы орманның 87%-ын сексеуіл алады және ормандарды сақтау жобасы аясында отырғызылып келеді. Соған орай, Арал теңізінің тартылған 57 мың гектары көгалдандырылған. Ал биыл тағы 10 мың гектарға сексеуіл отырғызылмақ.

- 2018 жылдың басынан бері ауданда сексеуілді заңсыз жою бойынша 49 жағдай тіркелген. 10 адамға айыппұл салынып, қолға түскен үш азамат қоғамдық жұмысқа тартылса, енді екеуі бір жылға бас бостандықтарынан айырылды. Сот шешімі бойынша 25 заң бұзған азамат қоршаған ортаға келтірген залалын өтегеннен кейін қылмыстық жауаптан босталды, - дейді аймақтың орман шаруашылығы инспекциясының бас маманы айбек Жолақанов.



Следующая →