Өскемен
пасмурно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +25°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +7°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +18°
$
442.05
+0.61
474.14
+1.05
¥
61.07
+0.11
4.74
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстанда сырттай оқу түрі жойылады

Қазақстанның жоғары оқу орындарында 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап сырттай оқу формасы жойылады

Білім министрлігі білім сапасын арттыру үшін сырттай оқу формасын алып тастауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Министрліктің хабарлауынша, сырттай оқитын студенттер бағдарламаның тек 65%-ын меңгереді және белгілі бір аймақтарда мамандандырылған білімі бар адамдар болмаған жағдайда еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне қатер әкеледі дейді.

Сырттай білім беру формасының орнына кешкі оқыту жүйесін енгізу жоспарлануда, ол ыңғайлы оқыту кестесін, соның ішінде кешкі және демалыс күндерін қамтитын болады. Бұл жұмыстағы адамдар үшін білім алу мүмкіндігін арттырады.

- Рart time оқыту институты бізге қажет екенін көріп отырмыз. Себебі мұқтаж адамдар бар. Қазір бұл иниститутта тиісті нормативтік база әзірленуде. Біріншісі, олар мемлекеттік білім берудің міндетті стандарттарына сәйкес тиісті бағдарлама бойынша 65 пайызды емес, 100 пайыз білім деңгейін меңгереді. Екіншіден, қашықтықтағы технологияларды қолданамыз. Бұл үшін арнайы жүйені құру қажет, - деді Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов.

Ал бұған дейін сырттай бөлімге түскен студенттер бұрынғы жүйеде білімін аяқтайды.

Следующая →