Қазақстанда бір тәулікте жүз елуге жуық адам құтқарушылардан көмек сұраған
Осы уақыт ішінде құтқарушылар 262 адамға жәрдемдескен
Жылдың соңғы күнінде Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті, жергілікті полиция және жергiлiктi атқарушы органдардың күшiмен 145 адамды автокөлік жолынан жеткізген, деп хабарлайды Zakon.kz сайты.
Жалпы, қыс мезгілінің басталуымен еліміздің түрлі өңірлерінде 37 рет дауылдық ескерту жарияланды, республикалық және облыстық маңыздағы жолдарда 47 рет қозғалыс шектетілді. Төтенше ақпарат SMS-хабарлама арқылы жұртшылыққа жеткізілді.