Семейде келесі жылы 170 отандық автобус құрастырылып шығарылады
Келесі жылдан бастап "СемАЗ" кәсіпорны автобус құрастырып шығара бастамақ
Бұл жайында Ермак Сәлімов тікелей эфирде қала тұрғындарының сұрақтарына жауап беру кезінде айтып өтті.
- Жаңа автобустарды қала жолдарына шығару – біздің басты мақсатымыз. Қазіргі уақытта барлық жолаушылар көлігінің 24% "ГАЗель". Бұл әрине, кәсіпкерлер үшін тиімсіз және қала тұрғындары үшін қауіпті, -деп өз ойын білдірді қала басшысы.
Ермак Салимовтың айтуынша, жаңа автобустар электронды билет жүйесімен жабдықталады.
- Біздің жобамыздың басында кондукторлар жұмысын жалғастырады, олардың әрқайсысында арнайы валидаторлар болады, олардың көмегімен онлайн режімінде барлық жолаушылардан төлем жасалады. Автобусқа кім кіргенін және қанша төлегенін білеміз. Екінші кезеңде, біз тұрақты валидаторларға көшкенде,кондукторларға деген қажеттілік жоғалады. Бірақ біз бұл мәселеге дайындалуымыз керек, ал біздің ой-санамыз бұған мүмкіндік бермейді, адамдарды дайындауымыз керек, - деді Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов.