Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Спортшылар, музыканттар, суретшілер мен мемлекеттік қызметкерлер балға смокинг пен көйлек киіп келді
Астанада "Болашақ" корпоративтік қорының XI Қысқы қайырымдылық балы өткізілді. Онда жыл сайынғы қайырымдылық аукционында 594 мың доллар (шамамен 220 млн теңге) жиналды, деп хабарлайды Sputnik Kazakhstan сайты.
Жоғарыда аталған қаражат аутизм және сал ауруына шалдыққан балаларды емдеуге және қолдауға арналған. Қор бүкіл ел бойынша 20 түзету кабинетін ашқан. Қысқы балды "Болашақ" қорының қамқоршылар кеңесінің төрағасы, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек ашып, қатысушыларды "Болашақ" халықаралық стипендиясының 25 жылдығымен құттықтады.