2019 жылы Астанада 10 мың ақылы автотұрақ ашылады
Астанадағы ақылы автотұрақтар өз тиімділігін дәлелдеді
Биыл Елордамызда әлемнің бірқатар мегаполистері тәжірибесіне сүйеніп, ақылы автотұрақ жүйесі іске қосылған болатын. Ақылы автотұрақтар өз жұмысын бастағалы бері жарты милионнан астам жүргізуші тиімді пайдаланған, деп хабарлайды Елорда әкімдігінің ресми сайты.
- Автотұрақтар алдағы уақытта Қонаев көшесінде, сол жағалауда - Достық, Кенесары, Бейбітшілік, Сейфуллин, Желтоқсан мен оң жағалаудағы Жеңіс көшесінде салынатын болады. Ақылы автотұрақ болатын орындарда алдын ала «Бұл жер жақында ақылы болады» деген мәтіндегі ескерту тақтайшалары орнатылатын болады. Алдағы жылдың соңына дейін қалада 10 мың жаңа ақылы көлік тұрағы ашылады деп жоспарлануда, - дейді "Астана көлік тұрағы" ЖШС компаниясының баспасөз хатшысы Айгүл Амантаева.