Қазақстандық ғалым халықаралық марапаттауға ие болды
Танымал отандық химик ғалым Зұлқайыр Мансұровқа ЮНЕСКО-ның "Наноғылым мен нанотехнологиялар дамуына қосқан үлесі үшін" медалі табысталды
Марапаттау рәсімі 22 қарашада аталған ұйымның Париждегі бас пәтерінде өтті, деп хабарлайды Baq.kz.
Медаль тұжырымдамасын 2010 жылы ЮНЕСКО Бас директоры бекітіп, сол кезден бері жыл сайын осы саладағы әлемдік ғылымның алға басуына елеулі үлес қосқан көрнекті ғалымдар мен ұйымдарға беріліп келеді. Отандық ғалым биыл өзінің "нанокөміртек материалдарын өңдеу, көміртекті нанотүтіктер мен графендерді жану күйінде синтездеу технологияларына зерттеуге қосқан үлесі" үшін марапатталды.
- Қазақстандық ғылымның жеңістерін бүгінгі таңда ғалымдарымыз, әсіресе жастар, әлемнің жетекші зерттеу орталықтарымен тығыз ынтымақтастық орнатуға барлық мүмкіндіктерге ие. Және осыған жағдай жасаған Елбасы бастамасымен жүргізілген жүйелі реформалардың нәтижесі, - деді ғалым.
Рәсімге қатысқан Қазақстанның ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі Жан Ғалиев отандасымызды жылы құттықтап, осы медальдің оның отандық және халықаралық ғылыми қауымдастыққа сіңірген адал еңбегі, наноғылым мен нанотехнологияларға қосқан маңызды үлесінің лайықты мойындауы екенін жеткізді.