Қазақстанда "Архив-2025" бағдарламасы іске қосылады
Жеті жылдық бағдарлама тарих саласындағы отандық және шетелдік зерттеулерді біріктіруге арналған
Қазақстан Президенті ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын барлық отандық және шетелдік мұрағаттар дүниесіне елеулі іргелі зерттеулер жүргізу үшін «Архив – 2025» жеті жылдық бағдарламасын жасауды тапсырды.
Аталмыш бағдарлама елдегі тарихи жылнамадағы ақтаңдақтарды қайта қалпына келтіруге жол ашқан «Мәдени мұра»бағдарламасының жалғасы болып табылмақ.
- Бұл жобаны жүзеге асыру барысында тарихшылардан, деректанушылар мен мәдениеттанушылардан құрылған арнайы топтардың отандық және шетелдік ірі архивтермен өзара жүйелі әрі ұзақ мерзімді ықпалдастықта болып, іздеу-зерттеу жұмыстарын жүргізуіне баса мән беру керек, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Архив деректерін тек жинақтап қана қоймай, барлық мүдделі зерттеушілер мен қалың жұртшылыққа қолжетімді болуы үшін оларды белсенді түрде цифрлық форматқа көшірілмек.