Қазақстандағы туризмді дамыту үшін садақпен аңшылыққа рұқст қажет
Қазақстанның кәсіпкерлері туристік саланы дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаға бірнеше ұсыныстарын білдірді
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі 2025 жылға дейін туристік саланы дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаны жасап жатыр, деп хабарлайды "Қазақпарат" ХАА сайты.
Бағдарлама мақсаты – туристік тауарлар мен қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, саланың басқару жүйесі мен даму мониторингін жетілдіру.
Бағдарламаны талқылау барысында кәсіпкерлер аңшылық туризмді дамыту бойынша ұсыныстарын ортаға салды. Оның ішінде – тур аясында аңшыларға қару беру, жеке тұлғалар үшін садақпен аңшылыққа шығуға рұқсат беру. Одан өзге, қару иелеріне ату жарақтарын өзі жабдықтауға мүмкіндік беру және иір ойықты мылтықты тегіс ұңғылы қару сияқты бесеуін сақтауға рұқсат ету сынды ұсыныстар да айтылды.