Ақмола облысында шымкенттікке шамамен жарты миллион теңге айыппұл салынды
Шымкент қаласының тұрғыны Ақмола облысының канцелярия қызметкеріне екі мың теңге бермек болып, жарты миллионға жуық айыппұл төлйетін болды
Сот қызметкеріне "алғыс" ретінде берген 2000 теңге, 481 мың теңге көлемінде айыппұл мөлшері болып берілді, деп хабарлайды Қазақпарат сайты.
- Азамат сот шешімінің заңды күшіне енгені туарлы көшірмені алғаннан кейін, Ақмола облысының ауданаралық экономикалық сотының сарапшысына қызметтік міндеттерін орындау кезінде екі мың теңге көлемінде қаражат берген. Ақмола облыстық соттар әкімшілігінің сотында Ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаменті сот орындаушысына заңсыз материалдық сыйақы беру фактісі бойынша Шымкент қаласының тұрғынына қатысты құжаттарды уәкілетті органға тапсырды, - деп хабарлайды мекеме.
Қазақстандағы лауазымды адамға сыйақы беруге Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 367-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделеді. Алайда, егер сыйақы мөлшері 2 АЕК-тен (4810 теңге) аспаса, бұл Қазақстан Республикасы Әкімшілік кодексінің 676-бабына сәйкес, 200 АЕК көлеміндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылады.